Қоғам
1 мин оқу 564

Жол құрылысының қарқыны қандай?

<p style="text-align: justify;">Индустрия және инфра&shy;құрылымдық даму минис&shy;тр&shy;лігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов &laquo;Қаз&shy;Авто&shy;Жол&raquo;, &laquo;Жол ак&shy;тив&shy;&shy;&shy;те&shy;рінің ұлттық сапа ор&shy;та&shy;лы&shy;ғы&raquo; және &laquo;Қазақ&shy;авто&shy;жол&shy;дың&raquo; Пав&shy;лодар және Шы&shy;ғыс Қа&shy;зақ&shy;&shy;стан облыс&shy;та&shy;рын&shy;дағы фи&shy;лиал&shy;&shy;дары&shy;ның ұжым&shy;да&shy;ры&shy;мен кез&shy;&shy;десті.</p>

Жол құрылысының қарқыны қандай?

Жиын барысында 2020 жыл­дың құрылыс маусымы бо­йынша қорытынды шығарылды. Мәселен, Павлодар облысындағы «Нұр-Сұлтан – Павлодар» рес­­­пуб­ликалық тас жолында реконструк­циялау жүргізілді. Атал­­ған облыста күрделі жөндеу 44 шақырым жолда іске асқан. Ал 76,5 шақырымы орташа жөндеуден өтті. Сондай-ақ об­лыстағы жергілікті жолдарда да ауқымды жұмыс атқарылуда.

Шығыс Қазақстан облысында биыл «Қалбатау-Майқапшағай», «Талдықорған – Өскемен», «Осин асуы» автомобиль жолдарын қал­пына келтіру жұмыстары жү­зе­ге асты. Бұдан бөлек, «Ащысу ар­­қылы», «Семей – Қайнар», «Өс­кемен – Алтай – Үлкен На­рын – Ка­тон­қарағай – Рахман қай­нары», «Қарағанды – Аягөз – Тар­бағатай – Боғаз» тас жолдары да жөндеуден өтті.

Комитет төрағасы биыл жолшылар үлкен жұмыс атқарғанын, келесі жылы да өңірлерде ауқым­ды жобалар іске асаты­нын алға тартты. Мысалы, Шы­ғыс Қазақстан облысы Күр­шім ауданында Бұқтырма су қой­масы арқылы көпір өткелін салу жоспарланған. Сондай-ақ «Шар – Бақыршық», «Омбы – Май­қапшағай – Шілікті – Ақжар», «Октябрь өткелі – Алтай – Ново-Хайрузов» және «Манат ауылына барар жол» автожолдарына орташа жөндеу жүргізу көзделіп отыр.

Комитет жетекшілігінің ел ай­мақ­тарындағы ведомстволық ба­ғынысты және аумақтық бөлім­шелер ұжымдарымен кездесулері жалғасады.

Бөлісу:
Жол құрылысының қарқыны қандай? · Egemen Qazaqstan