Әдебиет
1 мин оқу 200

Жыл заңы

<p style="text-align: justify;"><strong>Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың &laquo;Болашаққа бағдар: рухани жаң&shy;ғыру&raquo; мақаласы аясында бекітіліп, 2017 жылдан бас&shy;тап іске асқан &laquo;Қоғамдық ма&shy;ңызы бар әдебиетті сатып алу, басып шығару және тарату қағи&shy;далары&raquo; бағдарламасы бо&shy;йынша автор құқығы 70 жылға шектелетін. Бұл қағидаға&nbsp; қо&shy;ғам&shy;да түрлі наразы пікірлер туын&shy;даған болатын.</strong></p>

Жыл заңы

Осы бір күрмеулі мәселенің түйіні 2020 жылдың соңындағы Мәдениет туралы заңға енгі­зілген бірқатар өзгеріс арқылы ше­шіліп, авторлық құқықты сатып алу мерзімі 70 жылдан 5 жылға қысқарды.

Яғни жаңа заң бойынша енді автордың құқы шектелмейді. Бастысы, автор баспамен келі­сімге келуі керек. Демек, баспа белгілі бір уақытқа автордан кітабын сатып алып, шығару құқына ие болады. Ол мерзім біткен соң автордың қайта шы­ғаруға құқы бар. Бұл ең алдымен бекітілген мерзімге байланысты.

Жомарт жазушылар бір жылда бір том ұсынса, бүкіл ғұмырында бір ғана кітаптық шығарма беретін қаламгерлер де аз емес. Қазақ әдебиеті клас­сиктерінің дерлігі осындай. Абай­дың өзі бір томдық өлең қал­дырса, Махамбеттен бас-аяғы сексен өлең аманат. Арғы-бергі әдеби кезеңдерде бұл та­қылеттес мысалдар жетіп артылады. Төгіліп түскен Тө­ле­геннен де қалғаны осы шама. Осыны ойлағанда, бір ғұмы­рында бір ғана кітап жазатын қаламгерлердің көбі бар бай­лығын азын-аулақ ақы үшін 70 жылға мемлекетке беруі ар­қаға аяздай бататын жағдай еді. Осыны шешкен заң, шын мә­нінде «жыл заңы» атануға әбден лайық.

Сонымен сатып алынатын әдебиеттердің авторлық құ­қы­ғына байланысты енгізілген бір­қатар өзгерістер 2020 жылдың 16 қарашасында күшіне енді.

Ерлан ЖҮНІС, Маржан Әбіш,

«Egemen Qazaqstan»

Бөлісу:
Жыл заңы · Egemen Qazaqstan