Атырауда өткен тәулікте 121 адам коронавирустан сауықты
<p style="text-align: justify;">Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен тәулікте 121 адам қауіпті індеттен сауығып шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Алайда 265 адам әлі де үй жағдайында ем-дом шарасын алуды жалғастыруда. Ал облыстық инфекциялық стационарда 98, аудандардағы стационарларда 37 науқас, Теңіз кенішіндегі стационарда 627 пациент жатыр.
«Өткен тәулікте 65 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР-тест арқылы расталды. Атырау қаласында 13 адамнан, Теңіз кенішінде 42 жұмысшыдан, Жылыой ауданында 2, Махамбетте – 1, Құрманғазы ауданында 7 адамнан Сovid-19 анықталды. Қауіпті инфекция жұқтырған науқастардың 22-інде ауру симптомды түрде өтуде» деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметі.
