Саясат
2 мин оқу 230

Әлеуметтік мәселелерге назар аударылды

ADAL партиясынан Мәжіліс депутаттығына кандидаттар аймақтық сайлаушылармен кездесулерін
жалғастыруда. Семей қаласында кандидаттар Ардақ Назаров, Дәулет Мұқаев, Олжас Ордабаев,
Алмасбек Садырбаев сайлаушылармен бірқатар кездесу өткізді.

Әлеуметтік мәселелерге назар аударылды

Олжас Ордабаев құрылыс материалдарын шығаратын жергілікті компа­ния­ның жұмысшыларымен кездесті. Депутат­тыққа кандидат ADAL партиясының негізгі мақсаттары, міндеттері туралы айтып, Аdalpartiyasi.kz сайтының қызмет­тері жайында сөз қозғады. «Сіздің аймағы­ңыз­дың проблемалары» сервисін талдап, мүмкіндіктерін түсіндірді. Ондағы деректер кездесуге қатысушылардың қызығу­шылы­ғын тудырды. Компания қызмет­керлері мемлекет аймақ тұрғындарының зейнет­ке шығу жасын қайта қарауы керектігін алға тартты. «Тек менің отбасымда төрт буын­ның проблемасы бар. Жақында әкем қайтыс болды, туыстарым онкология­дан көз жұмды. Мұның бәрі ядролық поли­гонның залалының салдары. Бізде 70 жыл – ұзақ өмір сүру жасы болып саналады, елесте­тіп көріңізші? Зейнеткерлік жасты қайта қарау қажет», деді азаматтардың бірі.

О.Ордабаев Агробизнес және экономика колледжінде жастармен және оқыту­шылармен кездесу кезінде қатысу­шылар партияның сайлауалды бағдар­ламасының білім беру блогына назар аударды. Олар мұғалім мәртебесіне тоқталып, барлық санаттағы ұстаздар үшін ерекше мәр­тебе алудың маңыздылығын атап өтті. «Биыл мұғалімдер мәртебесі туралы заң қабыл­данды, бірақ ол көбінесе мектеп мұғалімдеріне қатысты. Мұғалімдерді бөліп-жаруға болмайды, әркімнің лайықты мәртебесі болуы керек дейміз. Бұл ойдан шығарылған нәрсе емес. Біз бұған қол жеткізе аламыз», деді партия өкілі.

Колледж оқытушылары білім беру ұйымдарын қаржыландырудың жеткілік­сіздігі мәселесін айтты. Сонымен қатар дуалды оқыту проблемасын атап өтті. Мұғалімдер практикалық сағаттардың санын көбейтуді сұрап отыр.

Көп балалы отбасылармен және кәсіп­­кер­лермен өткізілген кездесулерде тұр­ғындар бірқатар түйткілді мәселе­ні көтер­ді. Оның ішінде тұрғын үйдің жетіс­пеу­­ші­лігі, алғашқы төлемге қаражаттың тап­­шы­лығы, пәтер алуды жеңілдететін жаңа жағд­ай­ларды әзірлеу қажеттілігі сынды мәселе бар. Сонымен қатар тұрғындар биз­н­еске ар­налған гранттарды бөлудің ашық­­ты­ғын қам­тамасыз етуге ниет білдірді. «Жер өте көп, бірақ оны сатып алу мүмкін емес, ал жалға алу өте қымбат. Әкімдік жер учас­­ке­­лерін пайдалануға мүлдем мүмкіндік бер­­мей­ді», деп шағымданды кәсіпкерлердің бірі.

Дәулет Мұқаев партияның веб-сайты арқылы белгілі бір аймақта мемлекет қаржысының неге жұмсалатынын нақты көрсетті: «Бюджет қаражаты жергілік­ті халықтың нақты проблемалары мен қажет­тіліктерін ескере отырып, жұмсалуы керек», деген ол партияның ұстанымы осыған саятынын айтты.

Талдықорғанда Мәжіліс депутаттығына үміткер Ләззат Шыңғысбаева да кәсіпкер­лер­мен және жастармен кездесулер өткізу­ді жалғастырды. Ол қаланың орталық базары­ның қызметкерлерімен жүздесті. Кәсіп­керлер партия бірқатар мәселені шешуге үлес қосса деген тілектерін білдір­ді. Олардың пікірінше, медициналық сақтан­дыру қорына аударымдар тек ерікті түрде жүргізіліп, жас ұрпақ үшін жаңа жас­тар саясаты іске асырылуы керек. Оның шеңберінде, ең алдымен, жұмыспен қамту және өз-өзіне қызмет көрсетуді жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер жасау қажет.

Бөлісу:
Әлеуметтік мәселелерге назар аударылды · Egemen Qazaqstan