Пікір
3 мин оқу 181

Ел тәуелсіз болмай, тіл тәуелсіз болмайды

<p style="text-align: justify;">Тәуелсіздік алған 30 жылда қол жеткізген биігіміз, сондай-ақ алдағы алынар асуымыз, бағындырар бағытымыз туралы Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың толғамдары жүрекке жылы тиіп, зиялы қауымға, әсіресе тілші-ғалымдар мен жоғары оқу орындарында білікті мамандар даярлауда елеулі еңбек етіп жүргендерге жол көрсетер мемлекеттік маңызы мол мәселеге үн қосуды азаматтық парызым санап, қолға қалам алған жайым бар.</p>

Ел тәуелсіз болмай, тіл тәуелсіз болмайды

«Тәуелсіздік мерейтойы аясында біртуар тұлғаларды еске алып, олар­дың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге керек» дегені де көпші­ліктің көңілінен шығары сөзсіз. «Құр­меттеп, көтермесе көрегенді, Қаза­ғым қайдан алады кемеңгерді...» деп аяулы ақынымыз айтқанындай, кемең­гер­леріміздің қайраткерлігін көкке көтеріп, ба­ғалай білсек, елдік, мемлекеттік мүд­деге, туған тілді ту етіп ұстауда өзін­дік ұстанымдармен ерекшеленген ар­дақ­тыларымызды ардақтау арқылы жас­­тарымыздың бойына патриоттық се­зімді әбден қалыптастыратынымыз хақ.

Тілші-ғалым ретінде Прези­ден­тіміздің мемлекеттік тіл туралы ойлары ең алдымен тіл жанашырларының көп­­тен күткен үмітінің ақталуына апарар жол іспеттес көрінді маған. Өйт­­кені соңғы кезде бұқаралық ақпа­рат құралдарында «Қазақ тілін төр­ге шығаратын уақыт жетті», «Тілі­міз­ді тұғырына қондырайық», «Қазақ тілін дамытамыз десек...» сияқты ел аға­ларының, зиялы қауым өкілдері мен тіл жанашырларының мемлекеттік тіл­дің мәртебесін көтеруге байланыс­ты мақалалары көптеп жарияланып, мем­­лекеттік тілді дамытуға байла­ныс­ты өздерінің ұсыныстарын айтып, оның іске асуына мүдделі меке­ме­лердің мән беруін өтінген өзекті ойлар қоғамдық ой-пікір туғызған еді. Мем­­лекет басшысының мақаласы «Ха­лық үніне құлақ асатын үкімет» тұжы­­рым­дамасының жалаң сөзге емес, нақты істерге негізделгенінің дәлелі ретінде көптің көңілінен шығып отыр­ғанын ас­тын сызып айтқым келеді. Мем­­­лекет­тік тілді білетін қазақтың да, өзге этнос өкіл­­дерінің де үлесі едәу­ір арт­қанын, мә­­селе ниетте еке­нін айтқан ел басшы­сы­ның пі­кірі құрметке лайық. Біздің ойы­мызша, ниетпен бірге, Үкі­мет мем­ле­кет­тік тіл­ді меңгеруге қажет­тілікті де туды­ру те­­тіктерін қарас­тыр­ғаны дұрыс болар еді.

Ең алдымен, депутаттардан бастап, барлық мемлекеттік қызмет­кер­лерді өз салалары бойынша мемлекеттік тілді мең­геру деңгейін анықтайтын, ат­қа­ра­тын қызметіне сай тілді меңгеру құ­­­зы­­­рет­тілігі қанағаттандырады деген тес­­ті­ден өткізуді қолға алатын кез кел­ді деп есептеймін. Елдің де күтетіні – осы!

«Мемлекеттік тілді білу – еліміздің әрбір азаматының парызы. Міндеті деп те айтуға болады...» деген үндеуі тіл жанашырлары тілегінің ескерілгені деп бағалауға болады. Шы­нында да, ел бірлігі жарасқан тәуелсіз еліміздің азаматтары мем­лекеттік тілді меңгеру парыз ғана емес, міндетім деп түсінетін болса, қазақ тілін тұғырына қон­дыратын күн де алыс еместігін сен­діретіні сөзсіз.

Жастар өзге тілдерді аз ғана уақытта мең­гере ала­тынын көріп отырмыз. Тұтас буын алмасқан осы жылдарда қазақ тілін үй­ренгісі келген адам оны әл­де­қашан біліп шығар еді... Жастары­мыз бір­неше тіл білу өздерінің көкжие­гін кеңей­­тіп, көкірек көзін оятатынын жете тү­сінгені абзал», деген Мем­ле­кет басшы­сының елге жолдауы – ха­лық қол­дауына ие болатынына күмән ту­дыр­майды. Президенттің сөзін толық қол­дай отырып, Алаш ардақтысы Халел Досмұхамедұлының: «Ана тілін жақ­сы біліп тұрып, бөтенше жақсы сөй­ле­сең, бұл – сүйініш. Ана тілін білмей тұрып, орысша жақсы сөйлесең, бұл – күйі­ніш», деген қағидасын жастардың санасына сіңіруге шаршамауымыз керек. Біздің тараптан қосармыз – шет тілді білуді ана тілінен бастау қажет деген ұс­та­нымды әрқашанда есте ұста­ға­ны­мыз абзал.

Енді Елбасының «Болашақ» бағ­дар­ламасының жемісті жалғастырылып жат­қанының куәсіндей азаттық жыл­дарын­да дүниеге келген, әлі танылып үлгер­меген талантты жастарды қолдау мақ­­сатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты грант тағайындауды тапсыруы – Мемлекет басшысының ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың «Мен жастарға сенемін...» деген жалынды жырымен астарласып, жастардың Отанға шексіз сүйіспеншілікпен қарауына және хал­қына қалтқысыз қызмет етуге жол ашу деп бағалауға болады.

Кәрімбек ҚҰРМАНӘЛИЕВ,

ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор

Бөлісу:
Ел тәуелсіз болмай, тіл тәуелсіз болмайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар