Аймақтар
1 мин оқу 365

Ұландықтар ұрыны ұстады

<p style="text-align: justify;">5 қаңтар, кешкі​ сағат​ 17.00​ шамасында​ Өскемен​ ​ полиция басқармасының​ жедел басқару​ орталығына​ "Светофор" сауда үйінде​гі қайырымдылық жәшігі тоналғаны жөнінде хабар келіп түскен, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ұландықтар ұрыны ұстады

Куәгерлердің айтуынша, еуропалық​ нәсілді азамат​​ қайырымдылыққа арналған​ жәшікті​ бұзып, ақшасын белгісіз жаққа алып​ қашқан.

Жедел оқиға болған жерге жеткен 5518 әскери бөлімінің​ патрульдік топ бастығы кіші сержант Азат Ульянов пен қатардағы Джохангир​ Амонов​ берілген деректер бойынша дереу​ күдіктіні іздеуге кіріседі.

Бірер минуттардан кейін ұландықтар тұрғын үй​ аулаларының бірінде түр-сипаты күдіктіге сәйкес​ К есімді азаматты қолға түсіреді. Ұсталған​ күдіктіні тексеру барысында оның​ наркологиялық диспансерде​ есепте тұрғаны​ анықталады. Мәселенің мән-жайын анықтау үшін ұсталған азамат Өскемен қалалық полициясының Ертіс полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек​ ​ ҚР ҚК​ 188 бабының​ 1- бөлімі (ұрлық) бойынша​ АЕҚ-ге​ ​ тіркелді.

Бөлісу:
Ұландықтар ұрыны ұстады · Egemen Qazaqstan