Экономика
1 мин оқу 280

ҚЗЭ: Қостанай облысында 2015 жоба мақұлданды

<p style="text-align: justify;">Қостанай облыстық&nbsp; кәсіпкерлер палатасының мәліметінше, былтыр &laquo;Қарапайым заттар экономикасы&raquo; бағдарламасы бойынша өңірлік жобалық кеңсе жалпы құны 54,9 млрд теңге болатын 267 жобаны қабылдаған. Оның 215-і мақұлданып, бүгінге дейін 203 жоба қаржыландырылып отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

ҚЗЭ: Қостанай облысында 2015 жоба мақұлданды

«Былтыр агроөнеркәсіп саласына қатысты жобалар көбірек қолдау тапты. Мақұлданған жобалардың 78,1%-ы осы салаға тиесілі. Тамақ өндірісі немесе АӨК өнімдерін қайта өңдеуге арналған жобалар екінші орында тұр, олардың үлесі – 13,5%. Қаржылай қолдау көрсетілгендердің ішінде өңдеу өнеркәсібі (7%) мен тұрмыстық қызмет көрсету саласына (1,4%) қатысты жобалар да бар.  Былтыр екінші деңгейлі банктер жалпы құны 30,8 млрд теңге тұратын 66 жобаны мақұлдады. Сондай-ақ, «Аграрлық несие корпорациясы»  арқылы 149 жобаға 6,1 млрд теңге қаржы бөлінді», - деді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Әбенов.         

Қостанай облысы

Бөлісу:
ҚЗЭ: Қостанай облысында 2015 жоба мақұлданды · Egemen Qazaqstan