Аймақтар
1 мин оқу 196

Шымкенттік этнос өкілдері сайлауда белсенді

<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласында тұратын этнос өкілдері ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезекті сайлауына дауыс беріп, өз таңдауларын жасауда, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

Шымкенттік этнос өкілдері сайлауда белсенді

Атап айтсақ, «Шымкент қалалық корей қауымдастығы» ҚБ төрайымы Роза Пак қаладағы №85 сайлау учаскесінде және  №74 сайлау учаскесінде Шымкент қаласы «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Латипша Асанов мемлекетіміздің өмірінде ерекше маңызға ие сайлауға үн қосып, еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығы үшін дауыс берді.

Сондай-ақ  «Шымкент қаласы өзбек этномәдени қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тахиржан Хакимбеков №195 сайлау учаскесінде болып, өз ұстанымын білдірді. Осылайша Шымкент қаласында тұратын барлық этностар бірлік пен татулықты танытуда.


- Сайлау - ел өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Бұл сайлауда халықтың артқан үміті биік, соған сәйкес белсенділігі өте жоғары. Жастар да ерекше атсалысуда, дейді этнос өкілдері.

Бөлісу:
Шымкенттік этнос өкілдері сайлауда белсенді · Egemen Qazaqstan