Сайлау
1 мин оқу 214

Қазақстанның 12 өңірінде дауыс беру аяқталды

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның 12 өңірінде ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарына дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>

ҚР Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, астана уақытымен сағат 20:00-де еліміздің 12 өңіріндегі 8 144 сайлау учаскесі жабылды. Қазір уақыт белдеулерінің шекарасына сәйкес, 5 өңірде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында сайлау учаскелерінде дауыс беру жалғасып жатыр.

Бұл өңірлерде дауыс беру жергілікті уақытпен сағат 20:00-де, ал астана уақытымен 21:00-де аяқталады.

Сонымен қатар Қазақстанның шетелдердегі өкілдіктері жанынан ашылған 10 сайлау учаскесінде сайлаушылар дауыс беріп болды. Шетелдегі 56 учаскеде дауыс беру жалғасуда.

Айта кетерлігі, 11 қаңтар Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 07:00-де Америка Құрама Штаттары мен Канададағы Қазақстан азаматтары дауыс беруді аяқтайды.

Бөлісу:
Қазақстанның 12 өңірінде дауыс беру аяқталды · Egemen Qazaqstan