Алматыда қалалық Exit poll нәтижесі жария болды
<p style="text-align: justify;">2021 жылғы 10 қаңтардағы ҚР Парламент мәжілісі мен Алматы қаласы мәслихатын сайлауды өткізу күні «Астана – кешенді әлеуметтік талдаулар институты» ОФ ИКСИ «СОЦИС-А» жеке қоры сайлауда учаскелердің сыртында қатысқан сайлаушылардың дауысын алдын ала санағын өткізді.</p>

Дауыстарды алдын-ала санау сайлау учаскелерінің әкімшілік ғимараттардан тыс үздіксіз ағын әдісін қолдана отырып жеке сұхбаттасу әдісімен жүргізілді.
Алынған мәліметтердің репрезентативтілігін арттыру мақсатында қаланың барлық 8 әкімшілік аудандарында мониторинг жүргізілді.
11 қаңтардағы сағат 00: 30-дағы жағдай бойынша, 126 232 сайлаушыдан сауалнама алынды.
Нәтижесі келесідей болды:
«ҚХП» үшін 13,3% сайлаушы дауыс берді.
«Nur Otan» үшін 58,9% сайлаушы дауыс берді.
«Ауыл» үшін 9,2% сайлаушы дауыс берді.
«Ақ Жол» үшін 13,7% сайлаушы дауыс берді.
«ADAL» үшін 4,9% сайлаушы дауыс берді.
Зерттеу нәтижелерінің әлеуметтік қателігі ± 2% -дан аспайды.
