«Демократия институты» жүргізген Еxit poll нәтижесі жарияланды
<p style="text-align: justify;">«Демократия институты» жүргізген Еxit poll қорытындысы бойынша ҚР Парламенті мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда «Nur Otan» партиясы сайлаушылардың 72,01% дауысын иеленді, деп хабарлайды, <a href="https://egemen.kz/">Egemen.kz</a></p>
«Демократия инстутының» интервьюерлері 500 сайлау учаскесінде Еxit poll жүргізген. 20 мың адамнан сауалнама алынған. Сауалнама қателігі 2,5 пайыз шамасында.
«Демократия институты» жүргізген Еxit poll қорытындысы мынадай: «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 4,93 пайыз; «Nur Otan» партиясы – 72,01 пайыз; «ADAL» саяси партиясы – 3,25 пайыз; Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы – 10,27 пайыз; «Қазақстанның Халық партиясы» - 9,54 пайыз.
