Хоккей
1 мин оқу 180

«Автомобилистен» айласын асырды

<p style="text-align: justify;">Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың &laquo;Барыс&raquo; клубы тұрақты біріншіліктің сырт айдын сериясындағы соңғы ойынын Екатеринбургте жергілікті &laquo;Автомобилистпен&raquo; өткізді.</p>

«Автомобилистен» айласын асырды

Биылғы маусымдағы екі команда арасындағы алғашқы ойын қазан айында «Уралец» спорт кешенінде өтіп, мұзайдын иелері 3:2 есебімен басым түскен еді. Араға үш ай салып екі ұжымның жолы тағы да дәл сол спорт кешенінде түйісті. Алайда бұл жолы жерлестеріміз 3:2 нәтижесімен жеңіске жетіп, қарсыластарынан есе қайтарды. Кездесу бас­тала сала ойын тізгінін өз қолдарына алған «Барыс» хоккейшілері 4-минутта есеп ашты. «Амурға» қарсы өткен алғашқы ойынның қаһарманына айналған Роман Старченко бұл жолы да мергендігімен көзге түсті. Ал кезең ортасында Якоб Лилья (10-минут) қонақтардың басымдығын нығайтты.

Екінші кезеңнің басында «Барыс» құрамына жу­ыр­­да ғана қосылған Кирилл Панюков (23-минут) мау­­сым­дағы алғашқы, командасының ойындағы үшінші голын соқты. Үзіліске аз уақыт қалғанда Ана­толий Голышев (38-минут) есеп айырмасын қыс­қартуға мүмкіндік алды. Соңғы айналымда Питер Хол­ланд есепті 3:2-ге жеткізгенімен, командасын жеңі­ліс­тен құтқарып қала алмады. Жерлестеріміз кейінгі кездесуін ертең елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде Қазанның «Ак Барс» клубымен өткізеді.

Бөлісу:
«Автомобилистен» айласын асырды · Egemen Qazaqstan