Сайлау
1 мин оқу 130

95 жастағы ардагер де келді

<p style="text-align: justify;">Еліміздің ішкі істер органдарының құрметті ардагері, отставкадағы полиция подполковнигі, тыл еңбеккері Ташходжа Аташев сайлау учаскесі ашылысымен келіп, өз таңдауын жасады. Сайрам ауданының &laquo;Құрметті азаматы&raquo;, 95 жастағы Ташходжа қарияның қимылы ширақ.</p>

95 жастағы ардагер де келді

«Мемлекетшіл азамат ретінде қай заманда да сайлау­дан қалған емеспін. Қызмет­тестеріме де, балаларыма да үлгі ететін әдетім осы, бұл өзіңді азамат ретінде қа­лыптастырудың ең алғашқы баспалдағы. Біз өз бола­ша­ғы­мыз­ға жауапкер­шілікпен қа­рауға мін­деттіміз», дейді қа­рия.

Түркістан облысының тұр­­­ғындары Парламент Мә­жі­лісі мен мәслихаттар депу­тат­тарының сайлауына белсенді қатысып, өз таңдауларын жасады. Өңірдегі 911 сайлау учас­кесіне 1 160 138 сайлаушы тір­келген. Ал облыс орталығы – Түркістан қала­сында 50 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Онда қала тұрғын­дарымен қатар, қызмет бабын­да жүрген азаматтар және қалаға келген қонақтар да дауыс берді. Сайлау учаскелерінде санитарлық нормалар барынша мұ­қият сақталған. Жауапты мамандар әрбір адамның дене қызуын өлшеп, медициналық маска, қолғаптың болуын тек­серді. Сондай-ақ әлеуметтік қашықтықтың сақ­талуы сәт сайын ескертіліп отырды.

Түркістан облыстық аумақ­тық сайлау комиссиясының мәліметінше, өңірде 17 аумақтық сайлау комиссиясының 119 комиссия мүшесі мен 911 учаскелік сайлау комиссияларының 6193 комиссия мүшелері жұмыс іс­теді. Комиссия мүшелерінің бар­лығы каскадтық әдіспен толық оқытылып, тестілеуден өткізілген.

Түркістан облысы

Бөлісу:
95 жастағы ардагер де келді · Egemen Qazaqstan