Жоғары деңгейде қызмет көрсетті
<p style="text-align: justify;">Партиялық тізімдер бойынша өтіп жатқан Парламент Мәжілісі және облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттар депутаттары сайлауы үшін Маңғыстау облысы бойынша 231 сайлау учаскесі жұмыс істеді, оның 14-і вахталық әдіспен жұмыс істейтін кен орындары мен әскери бөлімдердегі жабық сайлау учаскелері.</p>

Теңіз аралдарында орналасқан әскери бөлімдердегі қызметкерлердің дауыс беруін ұйымдастыру үшін тікұшақ бөлінген, дейді арнайы орындар. Маңғыстауда облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттарға барлығы 319 кандидат тіркелген болса, оның 131-і әйелдер мен жастар.
Сайлауға Маңғыстау ауданында бірі 100-ге, екіншісі 104-ке келген қос кейуана, көп балалы отбасы, жуырда егіз ұлы дүниеге келген Әлібек Дүйсенов бала-шағасымен барып дауыс берді. Балаларын ертіп бару себебін ол «жастайынан елдік шаралардың маңыздылығын түсініп өсуі қажет» деп түсіндірді.
Сайлау учаскелерінде санитарлық жағдайлар сақталып, келушілердің қызуы өлшеніп, антисептиктер қолданылды.
Маңғыстау облысы
