Сайлау
1 мин оқу 191

Конституциялық құқықтарын жүзеге асырды

<p style="text-align: justify;">Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының сайлауына ақмолалықтар белсенді қатысты деп атап өтті Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы байқаушылары штабының жетекшісі Ерлан Зәкіриянов.</p>

Конституциялық құқықтарын жүзеге асырды

Оның айтуынша, аймақтағы 722 сайлау учаскесінде таңнан кеш­кі сегізге дейін 378 206 адам дауыс беріп, өз таңдауын жасаған. Ерлан Зә­кіриянов бұл жолғы сая­си шарада облыс жастары аса бел­сенділік таныт­қанын атап өтті.

«Облыс аумағында Франция, Германия, Ресей және тағы басқа елдерден барлығы 17 халық­ара­лық байқаушы тіркеліп, өңірі­міздің Ақкөл, Целиноград, Шор­танды және Степногор мен Көк­­шетау қалаларында сай­лау барысын бақылады. Саяси нау­қанда ешқандай заң бұзушылық фак­тісі тіркелген жоқ. Сайлау барысында жастардың белсен­ділігін атап өтсек деймін. Әсі­ресе 30 жас пен 45 жас аралы­ғындағы азаматтар аса бел­сенді болды. Таңнан кешке дейін Ақмола облысының сайлау учас­келерінде барлығы 378 206 адам дауыс берді», деді облыстық байқаушылар штабы­ның жетекшісі.

Жиын барысында «Қазақ­станның Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі Ақ­мола филиалының төрайымы Ирина Терентьева да сөз сөйлеп, сайлау барысы туралы тарқатып айтып берді.

Айта кететін тағы бір жайт, Ақмола облысында 722 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Оның 697-сі ашық учаскелер. Облыстың Азаматтық альянсынан және кәсіподақтардан 1005 байқаушы тіркеліп, жергілікті сайлау учас­келерінде жұмыстарын атқарды. Бұ­дан бөлек сайлауға қатысып жатқан бес партияның атынан 1723 өкіл байқаушы ретінде тіркелді.

Бөлісу:
Конституциялық құқықтарын жүзеге асырды · Egemen Qazaqstan