Аймақтар
1 мин оқу 950
Атыраудағы Үштаған ауылы интернет желісіне қосылды
<p style="text-align: justify;">Құрманғазы ауданының бірі қиырында орналасқан ауылдың бірі – Үштаған. Осы кезге дейін мұнда мобильді байланыс, интернет желісі болмаған еді. Жақында бұл мәселе оң шешімін тауып, тұрғындар өркениет игілігін көре бастады. </p>

Бұл ауыл аудан орталығынан 200 шақырым қашықта орналасқан. Қазір аталған ауылда 711 адам тұрады.
«Үштаған ауылында 180-ге жетпейтін оқушы бар. Олар шағын комплектілі мектепте 11 сыныпқа дейін оқиды. Өткен жылдың қыркүйек айынан бері оқушылар офлайн форматта білім алуда», дейді Құрманғазы аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлфара Құбаева.
Бөлісу:

