Тағайындау
1 мин оқу 170

СҚО-да жаңа санитар дәрігер тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Солтүстік Қазақстан облысында санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментінің жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер 39 жастағы Әсет Жұматаев тағайындалды. Ол осыған дейін дейін Петропавл қалалық санитарлық-эпидемиялық бақылау басқармасын басқарды.

А.Жұматаев Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын «Медициналық-профилактикалық ісі" мамандығы бойынша бітірген. 2007-2019 жылдары Аққайың ауданы бойынша санитарлық-эпидемиялық бақылау басқармасының санитарлық-гигиеналық бөлімінің бас маманы, одан әрі бастығы және ауданның қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Бұған дейін санитарлық-эпидемиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Арман Көшбасов осы департамент басшысының орынбасары лауазымына ауысқан еді.

Бөлісу:
СҚО-да жаңа санитар дәрігер тағайындалды · Egemen Qazaqstan