Пікір
1 мин оқу 157

Тәуелсіз мониторинг жүргізуге мүмкіндік мол болды

<p style="text-align: justify;">Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлауда халықаралық байқаушылардың тәуелсіз мониторинг жүргізуіне бар жағдай жасалды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Бас хатшысы Дмитрий Кобицкий айтты.</p>

Тәуелсіз мониторинг жүргізуге мүмкіндік мол болды

Брифингте сөз алған Д.Кобиц­кий Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне пар­ламенттік сайлауды байқауға қатысуға шақырғаны үшін алғыс білдіріп, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы тобының мүше­ле­ріне тәуелсіз мониторинг жүр­гізуі үшін барлық жағдай жасал­ғанын жеткізді.

«Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне осындай ауқымды да маңызды саяси науқан бары­сын байқауға шақырғанына ал­ғыс айтамын. Ал сайлауды ұйым­­­­дастырушылардың еңбегі өте жоғары. Учаскелік сайлау ко­мис­­сияларының, ең алдымен, эпи­­демияға қарсы қауіпсіздікті қам­­­тамасыз ету тұрғысынан да­­йын­­­дығының өте жоғары дең­­­гейде екенін айрықша атап өт­­кім келеді. Бұған көптеген қа­ра­­жат жұмсалды, физикалық жә­не адами ресурстар көп, бірақ ха­­лықтың қауіпсіздігі бәрінен қымбат», деді халықаралық бай­қаушы.

Естеріңізге сала кетейік, ТМД ПА мониторингтік тобы­ның құ­рамында Әзербайжан, Ар­мения, Беларусь, Қырғыз, Мол­­дова, Ресей, Тәжікстан, Өз­бек­­стан пар­ламентарийлері, сон­­дай-ақ Халықаралық мони­то­­ринг инс­титутының сарапшы­лары кіретін ТМД ПА Кеңесі Хат­­шылығының өкілдері болды. Қысқа мерзімді монито­ринг шеңберінде топ мүше­лері Қа­зақ­станның әртүрлі аймақ­тар­ын­дағы жеке маршруттарда, сондай-ақ шетелдік сайлау учас­­келерінде жұмыс істеді.

Бөлісу:
Тәуелсіз мониторинг жүргізуге мүмкіндік мол болды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар