Жарнама
 
Тағайындау
1 мин оқу 1,410

Сенаттың жаңа баспасөз хатшысы кім?

<p style="text-align: justify;">Парламент Сенатының баспасөз хатшысы қызметіне Данияр Рамазанов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.</p>

«Сенатта жаңа баспасөз хатшы таныстырылды. Данияр Рамазанов – тәжірибелі журналист, «Болашақпен» бітірген, республикалық телеарналардың бет-бейнесі», делінген сенатор көмекшісі Telegram парақшасында жариялаған ақпаратта.

Данияр Рамазанов М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекет университетінде, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған. Ұлыбританиядағы Глазго, Кардифф университеттерінде білімін шыңдаған. Әр жылдары «Қазақстан» РТРК» Батыс Қазақстан облыстық филиалының тілшісі, «Хабар-24» телеарнасының тілшісі, халықаралық ақпараттар бөлімінің бас редакторы, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің баспасөз хатшысы болып еңбек еткен.

745

Бөлісу:
Сенаттың жаңа баспасөз хатшысы кім? · Egemen Qazaqstan