Әлем
1 мин оқу 391

Telegram қолданушылар саны соңғы 72 сағатта 25 млн адамға өсті

<p style="text-align: justify;">Telegram-ға тіркелгендердің 38%-ы Азиядан, 27%-ы Еуропадан, 21%-ы Латын Америкасынан және 8%-ы Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадан. Бұл туралы&nbsp;Telegram негізін қалаушы, ресейлік кәсіпкер, миллиардер Павел Дуров айтты, - деп жазады&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Ол қаңтардың бірінші аптасында "Telegram-ды белсенді пайдаланушылар саны айына 500 миллион адамға жетті", дейді.

«Қаңтарда WhatsApp мессенджері өзінің екі миллиардтан астам қолданушыларына сервисті пайдалануды жалғастыру үшін өз деректерімен Facebook-те бөлісуге келісім беруі тиіс екенін хабарлаған. Содан кейін Telegram мен қорғалған мессенджер Signal-ды жүктеу саны күрт өсіп кетті», деп атап өтеді CNBC.

Бұған дейін британдық Telegraph газеті жазғандай, АҚШ-та Telegram жүктелуі жағынан екінші орынға шықты. Содан кейін бұл мессенджерге Дональд Трамптың жақтаушылары жаппай кірген. Өйткені жексенбіде Трамптың Twitter мен Facebook-тегі аккаунты бұғатталған еді.

Күні кеше Telegram-да Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған тіркеліп, өз каналын ашып қойды.

Бөлісу:
Telegram қолданушылар саны соңғы 72 сағатта 25 млн адамға өсті · Egemen Qazaqstan