Қоғам
1 мин оқу 170

Дубайдан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус табылды

<p style="text-align: justify;">2021 жылдың 13 қаңтарында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша &nbsp;ақпарат жарияланды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

2021 жылғы 13 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Нидерланды, Корея, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 16 халықаралық әуе рейсі келді.

1 379 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 190 адам, анықтамасыз 189 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы  қаласының әуежайына – 6 рейс, 610 жолаушы, анықтамамен - 570, анықтамасыз - 40;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 540 жолаушы, анықтамамен – 391, анықтамасыз - 149;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 132 жолаушы анықтамамен келді;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 97 жолаушы анықтамамен келді.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 12 қаңтарында анықтамасыз келген 94 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Дубай – Алматы рейсімен келген 2 жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.

Бөлісу:
Дубайдан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус табылды · Egemen Qazaqstan