Қазақстан
1 мин оқу 430
Мәжілістің 107 депутатына куәлік мен белгі тапсырылды
<p style="text-align: justify;">Бүгін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаттарын тіркеді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Парламент мәжілісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Іс-шарада жаңадан сайланған Мәжіліс депутаттарына куәліктер мен төсбелгілер табысталды. Сайлау қорытындысы бойынша VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісіне партиялық тізімдер бойынша «Nur Otan» партиясынан 76 депутат, «Ақ жол» партиясынан 12 депутат, Қазақстан халық партиясынан 10 депутат сайланса, Қазақстан халқы Ассамблеясынан 9 депутат сайланды.
Бөлісу:
