Аймақтар
1 мин оқу 210

Атырауда архивтік құжаттар неге қоқысқа тасталған?

<p style="text-align: justify;">Тұрғындардың жеке басын куәландыратын куәліктер, төлқұжаттар мен табысы туралы анықтамалар, азаматтардың өтініштері қоқыстан табылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атырауда архивтік құжаттар неге қоқысқа тасталған?

Тіпті мөр мен құқық қорғау органдарының қатынас хаты бар.

Осы дерекке орай облыстық полиция департаментінің қызметкерлері арнайы тексеру жүргізді.  

1

«Тексеру кезінде қоқыстан табылған барлық құжат «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Атырау филиалына тиесілі екені анықталды. Мұндай архивтік құжаттар мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде талап етіледі» -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

2

Қазір белгіленбеген жерге қоқыс тастаған автокөлік жүргізушісін анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін тексеру жүргізілуде.

Бөлісу:
Атырауда архивтік құжаттар неге қоқысқа тасталған? · Egemen Qazaqstan