Пікір
2 мин оқу 150

Ұтымды ұсыныстар жасалды

<p style="text-align: justify;">Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парла&shy;менттің VII шақырылымдағы бірінші сессиясының ашылуында Қазақстанның саяси жүйесін жаңғырту шеңберінде бірқатар негізгі міндеттерді атап өтті.</p>

Ұтымды ұсыныстар жасалды

Ел Президенті ең алдымен, саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7%-дан 5%-ға дейін төмендетуді, барлық деңгейдегі сайлау бюллетеньдеріне «бәріне қарсымын» деген жазуды қайтаруды, ауылдық елді мекендердегі әкімдердің сайлауын өткізуді, ауыл әкімдерін сайлағаннан кейін аудан әкімдерін сайлау­ға көшуді, адам құқығын қорғау саласын жетілдіру мен Омбудсмен туралы заң қабылдауды ұсынды.

Сонымен қатар Мем­лекет басшысы мемлекет­тік басқару мен жоспарлау­дың жаңа моделін енгізу қажет­тігін те тілге тиек етті. Бұл ба­ғыттағы реформалар барлық үдерісті цифрландыруды да қамтитын болады. Бұдан бөлек, азаматтармен өзара қарым-қаты­нас­тың сервистік моделі де енгізіледі.

Осы шаралардың алғашқы екеуін ел басшылығының өткен сайлау науқаны кезін­де қазақстандық қоғам өкіл­дері мен шетел­дік бай­қаушылардың көпте­ген бағалаулары мен ұсы­ныс­тарына жауабы деп са­науға болады. Қалған шара­лардың басым көпшілігін Мем­лекет басшысы өткен жылы Қазақстан халқына Жолдауында және Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында мә­лімдеген болатын. Олардың әрқайсысы жеке зерттеу мен талдауды, соның ішін­де шетелдік тәжірибені ес­кере отырып, олардың маз­мұны мен іске асырылуына арналған ұсыныстар жасауды қажет етеді.

Мемлекет басшысы бұл ұсыныстарды Парламент депу­таттарының жаңа құра­мының алдында айтуы да кездейсоқтық емес. Осы­лайша, қос палатаның депутат­тарына Президент жоға­рыда айтып өткен ұсыныс­тарды және айтылған басқа да шараларды заңнама­лық тұрғыда уақтылы әрі сапа­лы қамтамасыз ету үшін үлкен жауапкершілік жүк­теліп отыр. Сондай-ақ мүд­делі жұртшылықтың да өз ұсыныстарын әзірлеуге және насихаттауға атсалысуы күтілуде.

Андрей ЧЕБОТАРЕВ,

«Альтернатива» заманауи зерттеулер орталығының директоры, саясаттанушы

Бөлісу:
Ұтымды ұсыныстар жасалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар