Әлем
1 мин оқу 731

Жарылғыш зат жеп қойған әйел бар тісінен айырылды

<p style="text-align: justify;">Ұлыбританияның The Sun газеті жергілікті тұрғын Лиза Бутройдтың кәмпит пен петарданы шатастырып, ауыр жарақаттар алды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Жарылғыш зат жеп қойған әйел бар тісінен айырылды

Лиза Бутройдтың айтуынша, дүкенде кішкентай тастар пішінінде жасалған пиротехникалық ойыншықтары бар қораптар басқа тәттілердің жанында тұрған. Кейін ол үйіне келіп, кәмпиттердің дәмін татпақ болғанда олар аузында жарыла бастады. Нәтижесінде әйелдің қызыл иегі мен ерні күйіп, тістері сынған.

Зардап шегушінің айтуынша, ол бірнеше апта бойы қалыпты тамақтанып және ұйықтай алмаған. Күйік орны тек қана бір айдан кейін жазылған. Бірақ осы уақыт ішінде Лиза Бутройд ауырсынуды басатын дәрілерді қабылдауға мәжбүр болды.

Енді дүкен желісіндегілер пиротехниканы тәттілер бөлімінен алып тастаймыз деп сендірді.

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ

Бөлісу:
Жарылғыш зат жеп қойған әйел бар тісінен айырылды · Egemen Qazaqstan