Су добынан Олимпиадаға іріктеу: Қазақстан Грекияға есе жіберді
<p style="text-align: justify;">19 қаңтар Италияның Триест қаласында су добынан әйелдер командалары арасында Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі басталды. Өкінішке қарай, Қазақстан командасы алғашқы ойында жеңіліп қалды деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Olympic.kz сайтына <a href="https://olympic.kz/kk/article/17454">сілтеме </a>жасап.</p>
«В» тобында сынға түскен қазақстандықтар бірінші ойынды Грекия құрамасына қарсы өткізген болатын. Аталған матчта қазақстандықтар 5:13 есебімен қарсыласқа жол берді.
Біздің құрама сапынан Анастасия Еремина, Дарья Рога, Айжан Ақылбаева, Виктория Хританковалар мергендігімен көзге түсті.
Қазақстан командасы келесі ойынды Венгрия құрамасына қарсы өткізеді. Кездесу 20 қаңтарға жоспарланған.
