Қоғам
1 мин оқу 711

Ақтауда 30 жылдан бері алғаш рет төртем дүниеге келді

<p style="text-align: justify;">Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығының баспасөз қызметі Ақтау қаласындағы Ана мен бала орталығының ұжымы төртем мен оның анасын салтанатты түрде үйіне шығарып салғанын мәлім етті, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Ақтау қаласының тұрғыны Самира Гасанова 2020 жылдың 15 желтоқсанында босанған еді. Жүктілік кезеңі ауыр болғандықтан дәрігерлер әйелді жүктіліктің 30-шы аптасында операция жасап, босандырып алған. 25 жастағы әйел 1 ұл мен 3 қызды дүниеге әкелді. Сәбилер – отбасының тұңғыштары екен.

«Қуанышымды жасыра алмай тұрмын. Ата-анамыздың төбесі көкке жеткендей болды. Балаларымның аман-есен жарық дүниеге келуіне себепші болған дәрігерлерге отбасымның атынан алғысымды айтамын», дейді Самира Гасанова.

Дәрігерлердің айтуынша, төртемдердің бірі – 1 келі 390 гр болса, ең кішісінің салмағы – 1 келі 190 гр. Шақалақтар күш жинағанша 36 күн бойы перинаталдық орталық дәрігерлерінің жіті бақылауында болған.

Ата-анасы нәрестелерді Расул, Фанара, Айла және Нарин деп атады.

Маңғыстау облыстық Ана перинаталдық орталығының дәрігер неанотологы Тойдық Жұмағамбетова: «Былтыр біздің орталықта 8610 бала жарық дүние есігін ашты. Оның ішінде 2 үшем мен 147 егіз бала дүниеге келген», деді ол.

Маңғыстау облысы бала туу көрсеткішінен республика бойынша соңғы 3 жыл бойы көш басында келеді. Былтыр аймақта 21753 сәби дүние есігін ашқан.

Бөлісу:
Ақтауда 30 жылдан бері алғаш рет төртем дүниеге келді · Egemen Qazaqstan