Қазақстан
1 мин оқу 113

Шетелден ПТР анықтамасыз 258 азамат келді

<p style="text-align: justify;">20 қаңтарында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Нидерланды, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.</p>

1270 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1012 адам, анықтамасыз 258 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 600 жолаушы, анықтамамен - 577, анықтамасыз - 23;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 483 жолаушы, анықтамамен - 249; анықтамасыз - 234;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 127 жолаушы анықтамамен келді;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келді;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 59 жолаушы, анықтамамен - 58; анықтамасыз – 1.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Бөлісу:
Шетелден ПТР анықтамасыз 258 азамат келді · Egemen Qazaqstan