Қоғам
1 мин оқу 141

FlyArystan наурызда бес жаңа әуерейсін іске қосады

<p style="text-align: justify;">FlyArystan лоукостері 2021 жылы наурызда бес жаңа әуерейсін іске қосуды жоспарлап отыр. Ақтау, Атырау және Шымкенттен тікелей рейстер қолжетімді болады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.&nbsp;</p>

Әуекомпания өкілдерінің айтуынша, олардың әуефлоты таяуда сегізінші Airbus A320 ұшағымен толығады. Бұл бағыттар желісін кеңейтуге және жаңа 5 бағыт ашуға мүмкіндік береді.

Әуе компанияға сегізінші Airbus A320  қосылуымен FlyArystan бағдарлар желісі кеңейді.

Жаңа бағыттар бойынша билет сатылымы ашық:

Шымкент – Семей небәрі 7999 теңгеден (2 мамырдан бастап, дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері);

Ақтау – Қызылорда 7999 теңгеден (17 наурыздан бастап, сәрсенбі және жексенбі күндері);

Шымкент – Ақтөбе 8999 теңгеден (1 мамырдан бастап, сейсенбі, бейсенбі және жексенбі күндері);

Атырау – Түркістан 8999 теңгеден (28 наурыздан бастап, жұма және жексенбі күндері);

Шымкент – Орал 10999 теңгеден бастап (1 мамырдан бастап, сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері).

Еске салайық, лоукостер осыған дейін COVID-шектеулеріне байланысты тоқтатылған тоғыз бағытты қалпына келтірген болатын. Осылайша, 34 бағыт бойынша билеттер сатылымы 2021 жылдың 31 қазанына дейін ашық.

Бөлісу:
FlyArystan наурызда бес жаңа әуерейсін іске қосады · Egemen Qazaqstan