Футбол
1 мин оқу 253

«Ордабасының» бас бапкері тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Беларуссиялық маман Александр Седнев Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін Шымкенттің &laquo;Ордабасы&raquo; клубының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Ордабасының» бас бапкері тағайындалды

Александр 1973 жылы Могилев қаласында дүниеге келді. 1991-2005 жылдар аралығында өз елінің «Днепр», «Торпедо», «Балтика», «Торпедо-МАЗ», «Белшина», «БАТЭ» және «Нафтан» клубтарында өнер көрсетті. Беларусьтің жастар құрамасы сапында сегіз ойын өткізді.

Амплуасы – қорғаушы. Спорттық карьерасын аяқтағаннан кейін отанында бірқатар командаларды жаттықтырды. Бірер жыл Қазақстанда еңбек етіп, «Ақтөбенің» бас бапкері болды. Соңғы жұмыс орны Брестің «Рух» клубы.

Бөлісу:
«Ордабасының» бас бапкері тағайындалды · Egemen Qazaqstan