Аймақтар
1 мин оқу 272

Биыл шалғай өңірлерде 13,9 шақырым жол жөнделеді

<p style="text-align: justify;">Қызылорда облысында &laquo;Кіші қалаларды дамыту&raquo; бағдарламасы аясында бюджеттен 1 350,9 млн теңге бөлініп, бұл қаржыға 13,9 шақырым жол жөнделеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

Биыл шалғай өңірлерде 13,9 шақырым жол жөнделеді

Мәселен, Арал қаласында 5 ірі көше қайта жаңартылады. Сондай-ақ осы шаһардағы Әйтеке би көшесіне жол салынады. Мұнан бөлек, Қазалы қаласындағы көшелерді қайта жаңарту жұмыстары басталады.

Өңірде «Ауыл ел бесігі» бағдарламасы қайта жалғасады. Өткен жылы 8 елді мекенде 60 инвестициялық жоба қабылданып, ауыл-ауылдарда жол жөнделген. Нәтижесінде 3278 тұрғын үйге сервистік су желісі жүргізіліп, 23,2 шақырым ауылішілік көшелерге жарық орнатылып, 68,6 шақырым көше жөндеуден өткен. Ал, биылғы жылы республикалық бюджеттен 9 жобаға қаржы бөлініп, Қазалы, Қармақшы, Сырдария, Жалағаш аудандарының елді мекендегі көшелер жөндеуден өтеді.

Бөлісу:
Биыл шалғай өңірлерде 13,9 шақырым жол жөнделеді · Egemen Qazaqstan