Әлем
1 мин оқу 120

Боранда 130 көлік соқтығысты

<p style="text-align: justify;">Жапонияда қар&shy;&shy;&shy;л&shy;ы боранның сал&shy;дарынан жолда 130 көлік соқ&shy;ты&shy;ғыс&shy;қан. Бір адам қаза тауып, 10 адам жа&shy;ра&shy;лан&shy;ған. Оған қоса бірнеше шақы&shy;рымға созыл&shy;ған кептеліс пайда болған.</p>

Боранда 130 көлік соқтығысты

Қарлы боран Жапонияның солтүстігі­нен оңтүстігіне, Мияги префектурасының солтүстік-шығыс аймағынан өтетін Тохоку жоғары жылдам­дықты тас жолының ұзын бөлігін жауып тастаған.

Соның салдарынан 200-ге жуық адам көліктерін тастап кете алмай, екі күн қатарынан жол бойында түнеген. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Көліктерде қамалғандарға тамақ, ауыз су және көрпе жеткізілді. 200 жолаушының 12-сі ауруханаға жеткізілді.

Жапон теңізі жағалауы маңындағы кей жерлерде ақ ұлпаның биіктігі 1 метр­ден асады. Кей аудандарда жарық сөніп қалған. Сондай-ақ қар көшкіні қау­пі күшейген. Ал ауа райын болжау­шы­лар қазіргі күн райы ертеңге дейін сақталатынын ескертіп отыр.

Синоптиктердің болжауынша, Тохоку­дың солтүстік-шығыс аймағында келесі күні 40 см-ге дейін қар жауады. Билік бірнеше пойыздың қозғалысын тоқтатты.

Жапонияның  Премьер-министрі Ёсихидэ Суга тұрғындарды сақ болуға шақырды.

Дайындаған

Рабиға НҰРҒАЛИ

Бөлісу:
Боранда 130 көлік соқтығысты · Egemen Qazaqstan