Қазақстан
1 мин оқу 140

Полиция қызметкерлері бір аптада 9 кісі өлімін әшкереледі

<p style="text-align: justify;">Өткен аптада ел аумағында 3 мыңнан астам қылмыс жасалды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды <a href="/">Еgemen.kz</a></p>

Ресми өкілдің дерегінше, бір апта ішінде 3179 қылмыс жасалған. Оның 2103-і бір тәулік ішінде ашылды. «Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 9 кісі өлтіру, 3 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, 5 қарақшылық, 520 бөтеннің мүлікін ұрлау қылмысын ашты», - деді Нұрділдә Ораз ведомствоның баспасөз қызметі алаңында өткен брифинг барысында.

Бөлісу:
Полиция қызметкерлері бір аптада 9 кісі өлімін әшкереледі · Egemen Qazaqstan