Таным
1 мин оқу 180

Мәскеу фестиваліне барғанда...

<p style="text-align: justify;">1985 жылы кешегі келмеске кеткен Кеңес Ода&shy;&shy;ғының айдай әлемге әйгілі астанасы &ndash; Мәс&shy;кеу қаласында жас&shy;тар мен студенттердің дүние&shy;жүзілік XII фестивалі өткенін бүгінде біреу білсе,біреу білмейді.Жер шарының түкпір-түк&shy;пірінен жиналған жалындап тұрған жас жүрек иелерінің аталған басты бас қосуына, әри&shy;не, күн сәулетті Қа&shy;зақ&shy;станнан да (о тұста осылай деп жиі айтушы едік) үлкен делегация қатысты.</p>

Мәскеу фестиваліне барғанда...

– Осыдан отыз алты жыл­дай бұрын ғой. Ол да бір, шір­кін, қызық уақыт еді-ау! – деп еске алады Қазақстан және Ха­лықаралық журналис­тер ода­ғының мүшесі, кезінде респуб­ликалық барлық басы­лым­дарда (ішінде қазіргі «Еге­мен Қазақстан» да бар) жиі көрініп жүрген, бірнеше рет жеке көрмесі өткен, ҚазТАГ пен одақтық АПН ақпарат агенттігімен де тығыз байланыс­та болған, сезіміңді селт еткізер талай тамаша фотосуреттің авторы, бүгінде жасы сексен­нен асқан Қалиғұмар аға Қабдешев. – Фестиваль алдында еліміздегі «Ленинская смена» газетінің редакциясы фотосуреттерге байқау жариялаған еді, соның жеңімпазы ретінде маған да Мәскеуге (ол жақта түсірген көп фотосуретім бар) ба­руға жолдама берілді ғой. Енді мы­на суреттің жай-жапсарына ке­лейік. Бұл қала орталығының көрікті же­рінің бірінде жинала қалған қазақстандық жастардың бір тобы. Сол жақ­тан түрегеп тұрғандардың үшін­шісі қазіргі кезде жаныңды әлдилеп, жү­регіңді шым еткізетін керемет ән-әуен­дердің авторы, композитор Төлеген Мұхамеджанов, оң жақтан алғанда бірінші тұрған мен, менен кейінгі әйгілі актер, режиссеріміз, Мем­лекет­тік сыйлықтың лауреаты Дос­хан Жолжақсынов. Ал отыр­ғандардың ішінде оң жақ­тан бі­рінші әріптесім, бел­гілі фото­тіл­ші, марқұм Рақымбай Ханалиев.

Басқаларын, шынымды айт­сам, ұмытыппын, қазір есім­де жоқ...

Берікбай ҚАДЫҚОВ,

журналист

Алматы облысы,

Қарасай ауданы

Бөлісу:
Мәскеу фестиваліне барғанда... · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар