Аймақтар
1 мин оқу 220

Семейде екі автобус жол апатына түсті

<p style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан облысында полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бірінші жол-көлік оқиғасы кеше таңертең болған, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Daewoo автобусының 55 жастағы жүргізушісі жанама жолдан Түктібаев көшесіндегі басты жолға шығып бара жатып Toyota көлігімен соқтығысқан. Қатты соққыдан кері серпілген автокөлік темір қоршауды бұзып өтті», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Жол апатынан ешкім зардап шеккен жоқ. Автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Ал түс кезіндегі екінші оқиғада қар тиеген КамАЗ автобуспен соғылған. Ешкім зардап шеккен жоқ. Жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды», деп хабарлады полиция.

Бөлісу:
Семейде екі автобус жол апатына түсті · Egemen Qazaqstan