Аймақтар
2 мин оқу 270

Қағазды – көкке, шыныны – қызылға

<p style="text-align: justify;">Атырау мұнай өңдеу зауытында енгізілген жаңашыл&shy;дықтың бірі &ndash; қоқысты сұрыптау жобасы. Қазір &laquo;Жасыл кеңсе&raquo; экологиялық жобасын іске асыру аясында зауыт аумағында 38 арнаулы қоқыс алаңы жабдықталды.</p>

Қағазды – көкке, шыныны – қызылға

Мәселен, шыныны, қа­ғазды, пластик пен сұ­рып­талмайтын қалдықтарды бө­лек жинауға арналған бір текшелік 4 ыдыс, құры­лыс қалдығы үшін 8 тек­шелік 1 контейнер орнатылды. Тіпті арам шөп пен бұтақтарды салатын торлы контейнер де қарастырылды. Қалдықтарды сұрыптау қоқысты одан әрі өңдеу үшін бөлуге жол ашады.

– Өндірістік цехтардың әкімшілік-тұрмыстық корпустарында үш секциялы 57 эко-ыдыс, ал жыл соңына дейін тағы 39 данасы кеңсе ішінде орнатылады. Жаңа ыдыстарды пайдалану тәсілі оңай. Өйткені қалдықтар түріне байланысты әр түсті контейнерге салынады. Мә­селен, қағаз салатын ыдыс­­тың түсі – көк, плас­тик­ке – сары, шыныға – қы­зыл, сұрыпталмайтын қал­дық­тарға арналған ыдыс сұр түске боялған. Әр ыдыс­та қалдықтарды сұрыптау ере­желері мен шектеулер ту­ра­лы толық ақпарат бар, – деп ақпарат таратты кәсіп­орын­ның қоғаммен байланыс қызметі.

Қатты тұрмыстық қал­дық­тарды бөлек жинауды, сондай-ақ зауыт аумағынан шығаруды мердігер мекеме атқарады. Сұрыпталмаған қалдықтар «Спецавтобаза» ЖШС-ның қоқыс полигонына, ал сұрыпталатын қоқыс арнаулы кәсіпорындарға өңдеуге жіберіледі.

Қоғаммен байланыс қыз­­метінің мәліметінше, «АМӨЗ» ЖШС аталған эко­ло­гиялық жобаны енгізіп, мұ­найлы өлкедегі қоршаған ортаның қауіпсіздігін қам­тамасыз етуге үлесін қо­сып отыр. Зауытта «Жа­сыл кеңседен» басқа Эколо­гия­лық кодекстің талабына сәйкес бірқатар іс-шараны жүзеге асыру қолға алынып отыр. Оның ішінде Tazalyq жобасы да бар. Бұл жобаның аясында механикалық жә­не биологиялық тазар­ту құ­рылыстарын қайта жа­ңар­ту, булану алаңдарын рекультивациялау жүргізіледі.

Атырау облысы

Бөлісу:
Қағазды – көкке, шыныны – қызылға · Egemen Qazaqstan