Спорт
1 мин оқу 114

Триатлоннан ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Аталған міндетті бұдан былай Нұржан Үсіпбеков атқарады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;федерацияның <a href="https://www.triathlon.org.kz/kz/news/nurzan-usipbekov-naznacen-glavnym-trenerom-nacionalnoj-sbornoj-po-triatlonu">баспасөз қызметіне</a> сілтеме жасап.</p>

Үсіпбеков бүгінге дейін бас бапкер міндетін атқарған Андрей Глущенконың орнын басты. Бұған дейін ол жасөспірімдер құрамасында жаттықтырушылық қызметте болған.  Нұржан Бақытұлы Үсіпбеков триатлоннан спорт шебері әрі Қазақстан чемпионаттарының жүлдегері. Бапкерлік қызметтегі еңбек өтілі 11 жылды құрайды. 

«Андрей Глущенконың жетекшілігімен Қазақстан командасы көптеген жетістіктерге жетті. Дегенмен, Олимпиада қарсаңында бізге әлі де көп жұмыс істеу қажет. Ең басты мақсат – лицензия жеңіп алу. Сондай-ақ, біз қыркүйек айында Нұр-Сұлтанда өтетін Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінуді көздеп отырмыз. Бұл бас бапкер ретінде маған үлкен жауапкершілік жүктейді. Осы орайда, біз жақсылықтан үміттіміз. Токиода ұлттық құрамаға жанкүйер болып, Азия чемпионатында жеңіске жетеміз деген сенімдемін. Маған көрсетілген сенім үшін алғысым зор», - дейді Нұржан Үсіпбеков. 

Бөлісу:
Триатлоннан ұлттық құраманың бас бапкері тағайындалды · Egemen Qazaqstan