Әлем
1 мин оқу 140
АҚШ тұрғындары қоғамдық көлікте бетперде тағуға міндетті
<p style="text-align: justify;">АҚШ-та ақпанның 2-сінен бастап қоғамдық көлікке мінген барлық жолаушы медициналық бетперде тағуға міндетті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.</p>
Елдің Аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі федералдық орталығы жаңа ережені бекітті. Талап автобустар ғана емес ұшақ, пойыз, метро, кеме, такси сынды барлық қозғалыс құралдарына ортақ. Сондай-ақ жолаушылар станция мен аялдамаларда да бетперде тағып жүруі тиіс. Тек екі жасқа дейінгі балалар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мұндай талап қойылмайды.
Бөлісу:
