Руханият
1 мин оқу 452

«Еңбекші қазақ» басылған баспахана

<p style="text-align: justify;">Кезінде елдің астанасы болған Ақмешітте тарихи орындар көп. Соның бірі &ndash; іргесі ХІХ ғасырда қаланып, әуелі қыздар приход училищесі, кейіннен Перовск училищесі, 1925-1929 жылдары баспахана орналасқан ғимарат.</p>

«Еңбекші қазақ» басылған баспахана

Қазір «Аль-Асад» сауда үйі қоныс­тан­ған тари­хи нысан 1878 жылы инженер, генерал Брюноның жобасы бойынша салыныпты.

 Салынғанына екі жарым ғасырға жуықтаған ғимаратта 1925-1929 жылдары «Еңбекші қазақ» пен «Советская степь», басқа да газет-журналдар басылып, еліміздің әр түкпіріне тарап тұрған. Ел байтағы Сырдан Алатау баурайына көшкен кезеңнен бастап 1973 жылға де­йін облыстық кітапхана, тігін-тоқы­ма фабрикасы орналасыпты.

Ғимарат көне сәулет өнерінің үлгісі жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген.

Айтпақшы, 1899-1902 жылдары аралығында осы нысанда орын тепкен Перовск училищесінде Алаш қайрат­кері Мұстафа Шоқай да білім алған. Осыған байланысты төрт  жыл бұрын ғимаратқа ескерткіш тақта орнатылды.

Қызылорда

Бөлісу:
«Еңбекші қазақ» басылған баспахана · Egemen Qazaqstan