Pfizer вакцинасы Қазақстанға қолжетімді бола ма?
<p style="text-align: justify;">Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов «Америкалық Pfizer вакцинасы Қазақстанға қолжетімді бола ма?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>
«Pfizer вакцинасы қазақстандықтарға екінші жартыжылдықтан кейін қолжетімді болуы мүмкін. Pfizer компаниясымен алдын ала уағдаластықтар бар, меморандум бекітілген, егжей-тегжейлі сұрақтар келіссөздер деңгейінде. Бір айта кетерлігі, өздеріңіз жаңалықтардан байқағандай, Pfizer вакциналары жетпей жатыр, компанияның өзге елдер алдындағы міндеттемелері әлі шешілмеген мәселе болып тұр. Ол вакцина -70 градуста сақталуы керек, барлық тетіктері әлі талқыланады», деді Ерлан Қиясов.
