Қазақстан
1 мин оқу 243

8 мыңнан аса қазақстандық зейнетақы жинағын алды

<p>8 мыңнан аса қазақстандық зейнетақы жинақтарын алды. Бұл туралы &laquo;Отбасы банк&raquo; мәлімдеді, - деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Достар, алғашқы біржолғы зейнетақы төлемдері - 8 693 қазақстандықтың арнайы шоттарына түскені туралы қуана хабарлаймыз! Отбасы Банк - біржолғы зейнетақы төлемдерін мақсатты пайдалануға арналған өтінімдерді 2 жұмыс күні ішінде қарайды және БЖЗҚ қаражатты өтініш берушінің арнайы шотына 5 жұмыс күні ішінде аударылатынын естеріңізге саламыз.

Ақша түскеннен кейін - жеке кабинеттегі ақпарат жаңартылады және 45 күн ішінде құжаттарды жүктеп тізімнен банкті таңдау мүмкіндігі пайда болады.

enpf-otbasy.kz жеке кабинеті арқылы жүктелген файлдар мақұлдағаннан кейін қабылдаушы тарапқа: сатушыға/банкке/ипотекалық ұйымға 10 жұмыс күні ішінде, көрсетілген деректемелерге қаражат аударылады», делінген хабарламада.⠀

Бөлісу:
8 мыңнан аса қазақстандық зейнетақы жинағын алды · Egemen Qazaqstan