Бірлескен жаттығу
<p style="text-align: justify;">Өңірлік қолбасшылықтар әскерлері мен әскер түрлері қолбасшыларының бас­қармасында бірлескен штаб­тық жаттығу өтті. Олар Қарулы Күш­тер­дің 2021 оқу жы­лын­да­ғы дайындық жос­па­ры негі­зінде ұйымдас­ты­рыл­ды.</p>

Штабтық жаттығулар барысында шешім қабылдау, операцияларды жоспарлау, әскери басқару органдарын үйлестіру, өзара іс-қимылды ұйымдастыру және іс-шараларды жан-жақты қамтамасыз ету міндеттері орындалды.
«Батыс», «Астана» өңірлік қолбасшылықтарының басқармасында және Десанттық-шабуылдау әскерлерінде арнайы әскери операцияны әзірлеу мәселелері пысықталды. «Біз штабтық жаттығу барысында қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибелерін қарастырдық, жауынгерлік іс-қимыл барысын және ұшқышсыз ұшу құрылғыларының ерекшелігін талдадық. Басқа әскери құрылымдармен өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтадық. Өткен жаттығуда негізгі мақсатқа қол жеткізіліп, тапсырмалар орындалды деп ойлаймын», деді Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор Қаныш Әбубәкіров.
Бұдан өзге, ҰҚК Шекара қызметінің басқару органдарымен, ІІМ Ұлттық ұланмен өзара іс-қимыл мәселелері пысықталды. «Кез келген оқиғаға әрқашан дайын болу керек. Осындай жаттығуларды өткізу кезінде Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бірлескен іс-қимылының үйлесімділігі тексеріледі», деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының штаб бастығы, полковник Қуанышбек Ұштаев.
Аталған іс-шаралар жедел құжаттарды әзірлеу және жедел-тактикалық есептерді жүргізу жөнінде практикалық дағдыларды дамытуға ықпал етті. Олар бірыңғай кешенді стратегиялық міндеттер аясында шұғыл өтті.
