Айдос рейтингті бастады
<p style="text-align: justify;">Бүкіләлемдік бокс ассоциациясы (WBA) былғары қолғап шеберлерінің қаңтар айына арналған рейтингін жария­лады. Жаңартылған рейтингте қазақстандық боксшы Айдос Ербо­сынұлы бірінші орынға көтерілді.</p>

Өкінішке қарай, жуырда ғана бірінші ауыр салмақтағы WBA Regular белдігінен айырылып қалған отандасымыз Бейбіт Шүменов рейтингтен шығып қалды. Ал осы салмақта өнер көрсететін тағы бір қандасымыз Серік Мұсаділов 15-орынға көтерілді.
Екінші орта салмақта WBA International белбеуінің иегері Айдос Ербосынұлы өз салмақ дәрежесіндегі рейтингте бір саты жоғарылап, бірінші орынға жайғасты. Қазіргі таңда бұл салмақтағы әлем чемпионы – кубалық Давид Моррел. Ал WBA суперчемпионы атағы мексикалық Сауль «Канело» Альвареске тиесілі.
