Оқиға
1 мин оқу 464

Ресейлік өнімдерден қауіпті бактериялар табылды

<p style="text-align: justify;">Қостанай облысының дүкендеріне түскен ресейлік өндірушілердің ет өнімдерінен қауіпті бактериялар табылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық сараптама орталығы хабарлады.</p>

Ресейлік өнімдерден қауіпті бактериялар табылды

Ұлттық сараптама орта­лы­ғының мамандары ресейлік «Чинкова» ЖК (Челябі облы­сы) ұсынған «Премиум» пісі­рілген шұжығынан патогенді стафилококк тапқан. Сондай-ақ Қостанай облысы бойынша ҰСО мамандары ресейлік өндіруші «Смирнов» ЖК (Че­лябі облысы) өнімдерінің «Кот­летный» бройлер-бала­пандар етінен жасалған жартылай фа­брикатынан ішек таяқ­шасы тобы­ның бактериясын анықтады. Мұндай бактерия «Са­ран консерві зауыты» АҚ (Мор­довия Респуб­ликасы, Ресей) өндіретін қо­йылтылған сүт сынамаларынан да табылды.

Үлгілерді қаңтарда халық тұтынатын тауарлар сапасының мониторингі аясында Қостанай облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сатып алды.

«Бұл зерттелген өнім Ке­ден одағының техникалық рег­ламенттерінің («Тамақ өнім­дерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР 021/2011, «Ет және ет өнім­дерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР 034/2013, «Сүт және сүт өнім­дерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР 033/2013) талаптарына сәйкес келмейді. Қазір санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті денсау­лық­қа қауіпті өнімдерді алу және жою бойынша шараларды қабылдауда.

Бөлісу:
Ресейлік өнімдерден қауіпті бактериялар табылды · Egemen Qazaqstan