Біржолғы зейнетақы жинағын алған алғашқы қазақстандық баспаналы болды
<p style="text-align: justify;">Шымкент қаласында тұратын алғашқы Қазақстандық біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып баспаналы болды. Бұл туралы «Отбасы банк» Instagram парақшасында жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
- Мен өзімнің зейнетақы жинақтарымның жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін пайдалануға болатынын әлеуметтік желілерден білдім. Онлайн-платформа іске қосылғаннан кейін, келесі күні қаражатты пайдалануға өтінім бердім. Ал 1 ақпанда менің арнайы шотыма бір жолғы зейнетақы төлемдері түсті, - дейді салымшы.
Ол тұрғын үйді үлестік қатысу шарты аясында сатып алған. Ал ипотеканы Отбасы Банкінен шешуді ұйғарған.
- Бастапқы жарна ретінде зейнетақы жинақтарымды қолдандым. Ипотеканы Отбасы Банктегі аралық заем арқылы рәсімдедім. Себебі пайыздық мөлшерлемесі және рәсімдеу жылдамдығы ұнады, - деді ол.
Салымшының айтуынша несие бойынша мақұлдама тез берілген. Не бары 3 минут ішінде ол банктің мақұлдауын алып, несиені рәсімдеуге көп уақыт жұмсамаған.
