Пікір
2 мин оқу 860

Заңдылықтар мен ерекшеліктер негізге алынды

<p style="text-align: justify;">Әліпби түзуде аса жауапты бастапқы кезең болса, ендігі кезекте негізгі орфографиялық ереже түзу осы кезеңнің қисынды жалғасы болып табылатыны белгілі. Бұл кезең әртүрлі ортологиялық құралдары (емле ережелерінің, ономастикалық атаулардың анықтағыш&shy;тары, т.б.) және ортологиялық лексикография түзудің (орфо&shy;графиялық және орфоэпиялық сөздіктер құрастыру&shy;дың) бастамасы болып саналады.</p>

Заңдылықтар мен ерекшеліктер негізге алынды

Қазақ орфографиясының негіз­гі ережелері – латын гра­фи­касы негізіндегі қазақ әліпбиі бойынша дұрыс жазуды көр­сететін құқықтық күші бар құжат. Со­нымен қатар латын негізді жаңа әліпби бо­йынша қазақ тілі­нің орфо­графиялық нормаларын тұрақтандыратын жаңа әліпби бойынша дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыратын басты нормативті қағидалар бо­лып саналады. Емле ере­же­лерінің негізінде орфография­лық, орфоэпиялық сөздіктер, анық­тағыштар осы ережелерге сәйкес құрастырылмақ. Ұлттық жазу-сызудың емле ережелерін жасауда алдымен ескерілетін заңдылықтар мен ерекшеліктер негізге алынды. Олар: тілдің жал­ғамалы (аглютинация) заң­ды­лығы; тілдің ықшамдалу заң­­ды­лығы; тіл дыбыстарының үн­дес­­тігі (дауыстылардың дауыс­­­­сыз­дармен үндестігі) және да­уыс­­сыздардың бір-бірі­мен үй­­ле­­сімділік заңы. Осы ай­­тыл­­ған заң­дылықтар мен ерек­­ше­лік­тер аясында жазба тіл­­дің жаңа Ережесінің нұс­­қасы жасалды. Ережеде латын негізді әліпби бойынша қазақ тілі дыбыстарының реп­ре­­­зе­тант­тары болып табылатын әріп­тердің үндестікпен, үйлес­тікпен жазылу нормасы көрсетілді; сөздерді бірыңғай жуан немесе жіңішке жазу, соған сәйкес қосымшалардың жуан немесе жіңішке жазу үлгісі беріл­ді; қосар дыбыстардың (ұу/үу, ый/ій) дара әріппен (у, и әріп­терімен) таңбалануының үлгісі ұсы­н­ылды; қазақтың төл әдеби тіліндегі емлесі қиын сөз­дер­дің орфографиялану ерек­шеліктері көрсетілді; латын негізді әліпбиде жоқ ё, ц, щ, э, ю, я, ь, ъ, әріптерінің жазылу ба­ла­масы берілді; бейүн­дес буын­ды кірме сөздерге қосымша жал­ғаудың орфографиялану тәр­тібі көрсетіл­ді; халықаралық тер­мин­дер мен атаулардың (шетел тілдік сөздердің) орфография­лану үлгісі берілді; күрделі сөз­дер­дің (біріккен, кіріккен, тір­кесті сөздер, қос сөздер) және бас әріппен жазылатын атау­лар­дың емлесі, сондай-ақ та­сы­мал­дау­­дың тәртіптері көр­се­тіл­ді. Ал жаңа ереже жобасын­да қазақ ор­­фо­­графиясының негіз­гі ер­е­же­лері­­нің ұлттық тіл­дің ерек­ше­лік­тері мен заңдылық­тарына сәй­кес болуы; тәжірибеде сыннан өтіп, дәстүрге айналған ба­за­­лық нормалардың сақталуы; тех­­ни­калық жақтан қазақ ор­фо­гра­фия­сының қолдануға оң­т­ай­лы, мобильді, жинақы болуы; ха­лық тілінің дыбыстық қор әле­уе­ті­нің кеңірек қамтыла түсуі; жа­һан­дану үрдісінде жазу-сызу­дың ұлттық сипаты­ның сақ­та­лып, космополиттік әсіре­лікке ұшы­ра­мауы көзде­ліп, орфо­гра­­фия­лық ережелер түзу­дің бас­шы­лық­қа алынған негізгі ұстанымдары болды.

Нұргелді УӘЛИ,

филология ғылымдарының докторы, профессор

Бөлісу:
Заңдылықтар мен ерекшеліктер негізге алынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар