Саясат
1 мин оқу 286

60 мыңнан астам өтініш түсті

<p style="text-align: justify;">Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жеткілікті шектен асқан қаржыны алу бойынша уәкілетті операторлардан 60 079 өтініш келіп түскен. Оның басым бөлігі &laquo;Отбасы банк&raquo; арқылы жолданған. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 25 қаңтар мен 1 ақпан аралығында 59 337 өтініш қабылданған.</p>

60 мыңнан астам өтініш түсті

БЖЗҚ-ның хабарлауынша, жалпы сомасы шамамен 240,5 млрд теңге болатын 43 737 өтініш өңдеуге қабылданған. Бұл келіп түскен өтініштердің 80 пайыздан астамын құрайды. Сондай-ақ 15 600 өтініш заңнама талаптарына сәйкес келмейтіндіктен қабылданбаған.

Екінші уәкілетті оператор – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-нан да өтініштер қабылдануда. Бес күн ішінде оператордан 742 өтініш келіп түскен. Оның 650-і өңдеуге қабылданып, 92 өтініш заңнама талаптарына сәйкес келмеді.

Осылайша,  25 қаңтар мен 1 ақпан аралығында БЖЗҚ  243,8 млрд теңгеден астам соманы құрайтын 44 387 өтінішті өңдеуге қабылдады. Өтініштердің орташа сомасы шамамен 5,5 млн теңгеге тең. 

Негізінен, өтінімдер (80 пайыз) алынатын соманы дұ­рыс көрсетпегендіктен қабыл­данбаған. Яғни сұратылған қаржы қолжетімді сомадан асып түскен. Екінші жағынан (19 пайыз) сома дұрыс көрсетіл­ме­гендіктен, өтінімдер қайта беріл­ген. Сонымен қатар қордан жинақ ашпаған немесе бірреттік зейнет­ақы төлемін алуға құқығы жоқ адам­дар да өтініш берген. Әл­бетте, олардың өтініші қабылдан­байды.

Қолжетімді сома туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен немесе Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мобильді қосымшасы арқылы білуге болады.

Бөлісу:
60 мыңнан астам өтініш түсті · Egemen Qazaqstan