Коронавирус
1 мин оқу 92

Шетелден келген екі жолаушыдан коронавирус анықталды

<p style="text-align: justify;">Санитариялық - эпидемиологиялық бақылау комитеті&nbsp;7 ақпанда халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Өткен тәулікте Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Украина, РФ және Тәжікстаннан 18 халықаралық әуе рейсі келді.

2 474 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 712 адам, анықтамасыз 762 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 9 рейс, 1 086 жолаушы, анықтамамен - 727; анықтамасыз - 359;

Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 248 жолаушы, анықтамамен - 920, анықтамасыз - 328;

Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 12 жолаушы анықтамамен келген;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 128 жолаушы, анықтамамен - 53, анықтамасыз - 75.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 6 ақпанында анықтамасыз келген 484 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды. Оның ішінде бір жолаушы Дубай – Алматы рейсімен, екінші жолаушы Франкфурт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген.

Бөлісу:
Шетелден келген екі жолаушыдан коронавирус анықталды · Egemen Qazaqstan