Аймақтар
1 мин оқу 610

Алдағы күндері аяз күшейеді

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; РМК алдағы үш күнге, яғни 9-11 ақпанға ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a></p>

«Кезең ішінде Қазақстан аумағының басым бөлігі Скандинавия аудандарынан келетін суық антициклонның ықпалында болады, онымен ауа температурасы 23-30 градус аязға дейін, елдің шығысында 28-33 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Ал батыс өңірлерге Атлантика аудандарынан кезекті циклон әсер етеді, жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі, көктайғақ, тұман, сондай-ақ ауа температурасы көтеріледі», делінген хабарламада.

Бөлісу:
Алдағы күндері аяз күшейеді · Egemen Qazaqstan