Қоғам
2 мин оқу 450

Жасырынып жүрген «меймандар»

<p style="text-align: justify;">Карантиндік шектеу шара&shy;ла&shy;рының әсері ме, шет елдерден келе&shy;тіндер шектен шыға бас&shy;тады. Әсіресе қоңсы отырған көр&shy;шілес мемлекеттен жұмыс іздеп, ел аумағына кіргендер шет&shy;&shy;кері орналасқан елді мекен&shy;&shy;дерде жасырынуға бей&shy;ім екен.&shy; Тіпті олардың ара&shy;сында Қазақ&shy;станның аумағынан шы&shy;ғып кету туралы сот шешімін орын&shy;дауға құлық танытпайтындар да бар.</p>

Жасырынып жүрген «меймандар»

Бірақ олардың көзден тасалан­бақ болған «жасырынбақ» ойыны ұзақ­қа бармады. Облыстық полиция депар­таментінің қызмет­керлері «Мигрант» жедел-профи­лактикалық іс-шарасын өткізіп, сот шешімін орындаудан бас тартып жүргендерді анықтады. Сон­дай-ақ жеке басын куәландыратын құ­жаты болмаған шетел азаматтары да ұсталды. 

– Аталған іс-шараның мақсаты – ел аумағында шетелдіктерге тиісті бақылауды күшейту. Сондай-ақ ел заң­намасын жүйелі түрде бұзатын шетелдіктердің қолданыстағы заң­на­ма талабына сәйкес елден шығып ке­туін қамтамасыз ету, – дейді об­лыс­тық полиция депар­таментінің бас­тығы, полиция пол­ковнигі Қамза Үм­бетқалиев. – Біз­дің қызметкерлер Қа­зақстан Республикасының көші-қон заң­намасын бұзып, ел аумағынан өз еркімен шығып кету жөніндегі сот­тың қаулысын орындамай жүрген Өзбек­стан Республикасының 24 азаматын әшкереледі. Полиция қыз­меткерлері шетелдіктерді елден мәж­бүрлеп шы­ғару шарасын жүргізді.

Ал Атырау қалалық полиция бас­қар­масы бастығының бірін­ші орын­басары, полиция под­полковнигі Ер­лан Биғамбаевтың айтуынша, «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы ке­зінде 200-ден астам шетел­дік азаматқа түсіндіру жұ­мысы жүр­гі­зіліпті. Сонымен бірге облыс­ орта­лығына таяу орналасқан Жұл­дыз, Томарлы, Көктем, Ақжар, Ер­кін­қала, Балауса, Жұмыскер, Ра­куша, Алғабас, Тас­қала, Көкарна, Вод­ников елді мекен­деріндегі жеке тұр­ғын үй секторы мен саяжайлар тек­серілді. Нәтижесінде, жеке басын куә­ландыратын құжа­ты жоқ 25 ше­телдік азаматтың жүр­­гені бел­гілі болды. Олардың же­ке ба­сы анық­талғаннан кейін Қа­зақ­стан Респуб­ликасында болу заң­ды­лығы тексерілді. Еліміздің  көші-қон туралы заңдылығын бұзған «мей­­ман­дарға» қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.

– Тексеру кезінде көші-қон заң­ды­лығын бұзудың 119 дерегі тір­келді. Қолданыстағы заңнамаға сәй­кес Өзбек­стан Республикасының 119 аза­маты және Қазақстан Рес­пуб­­ли­­ка­­­сының 41 азаматы әкімші­лік жауап­­кершілікке тартылды, – дейді ол.

Атырау облысы

Бөлісу:
Жасырынып жүрген «меймандар» · Egemen Qazaqstan